Атырауда бекіре балығы мен қара уылдырығын саудалағандар ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда полиция қызметкерлері браконьерлерге қарсы «Кедергі» операциясын жүргізіп, алғашқы күні-ақ бекіре балығы мен қара уылдырығын тәркіледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«25 кг бекіре балығы мен 2 кг қара уылдырығын саудаламақ болған әйел ұсталды. Заңсыз жүк тәркіленді. Атырау - Орал күре жолында, Индер ауданында «Лексус» маркалы машина тоқтатылып, оның салонынан 800 кг сазан және 42 бекіре балығы табылды. Осы фактілер бойынша «Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiмен және (немесе) олардың бөліктерімен және дериваттарымен, сондай-ақ алып қойылуына тыйым салынған өсімдіктермен және жануарлармен және (немесе) олардың бөліктерімен сондай-ақ дериваттарымен заңсыз іс-әрекеттер» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деп хабарлайды өңір ІІД баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, Қазақстанның бастамасымен Каспий маңы елдері көлдегі бекіре, ақсерке және қызыл балықтың тым азайып кетуіне байланысты табиғи су бассейндеріндегі бекіре балығын аулауға мораторий жариялаған болатын.

Соңғы жаңалықтар