Атырауда Батырхан Шүкеновті еске алу концерті өтті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат -  Атырауда Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған концерт толықтай аншлагпен өтті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Құрманғазы атындағы Мәдениет үйіне халық лық толды.

Концертке қазақстандық әнші, композитор Батырхан Шүкеновтің  шығармашылығын құрмет тұтатын   қауым,   «Динамик бэнд» кавер-тобы қатысты. Концерт екі сағатқа созылды.

  Әншінің жұртшылық сүйіп тыңдайтын атақты  «Джулия», «Солдат любви», «Я это ты», «Дождь», «Нелюбимая», «Стоп, ночь» және т.б. әндері орындалды. Көрермендер де әншілермен қосыла ән шырқады.

Еске салсақ, Батырхан Шүкенов 2015 жылғы 28 сәуірде  Мәскеуде  53-ке қараған шағында жүрек талмасынан қайтыс болды.  

Соңғы жаңалықтар