Атырауда балалар үйінің түлегі суға секіру бойынша ҚР чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - С. Қозыбаев атындағы балалар үйінің түлегі Артем Карепанов ҚР чемпионатында күміс медаль ұтып, суға секіруден спорт шебері атанды.

«Атырау жұртшылығы үшін тұғырдан, мұнарадан суға секіру - спорттың жаңа түрі. Сондықтан Артем Карепановтың күміс медалі біз үшін сенсация, өйткені ол мықты спортшылармен бақ сынасты. Артем Роман Розыбакиевпен жұптық бағдарламада да  «күміс» иеленді.

Алдағы уақытта бағдарламаның синхронды түрінде Артемді Атырауға қоныс аударған украиндық спортшы Алесей Пригоровпен біріктіру жоспарлануда. Біздің басты мақсатымыз - 2018 жылғы Азия ойындары және 2020-Олимпиада ойындарында жеңіске жету», - деді Артемнің бапкері Владимир Молчанов.

Соңғы жаңалықтар