Атырауда әйелдер колониясы жаңа кітаптармен толықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бастау алған «Қадірлі сыйлық» акциясы қылмыстық атқару департаментіне қарасты әйелдер колониясында жалғасты.

Акцияның мақсаты - бас бостандығынан айрылған азаматтарды әлеуметтік қолдау, мекеме кітапханасының қорын толықтыру.
null 

Шара барысында Ғ. Сланов атындағы әмбебап кітапхана ұжымы  түрлі жанрдағы 500-ден астам  кітапты түзету мекемісіне сыйға тартты.Жазасын өтеушілердің арасындағы әдебиетке құштар жандар бұған өз ризашылықтарын білдірді.
null

Түзету мекемесінде барлығы 6700-ден астам кітап қоры бар.

Айта кетейік, бүгінде колонияда 200-ден астам әйел жазасын өтеуде. Сонымен қатар, алдағы уақытта оларға ағылшын тілін және компьютер үйрету курстарын өткізу жоспарлануда.
null  

null 

 

Соңғы жаңалықтар