Атырауда ауғандық жауынгерлер жайлы кітаптың тұсаукесері өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда ауған соғысына қатысқан атыраулық ардагерлер ерлігін баяндайтын кітаптың таныстырылымы өтті, деп хабарлайды өңір әкімдігінің ресми сайты .

Ауған соғысының 38 жылдығына орай "Руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында жарық көрген кітапта облысымыздан Ауған соғысына қатысқан 546 жауынгердің өмірбаяны мен естеліктері жазылған.

null 

Басылым Атырау мұнай және газ институтының доценті, ұстаз Айгүл Ермекованың бастамасымен жарыққа шықты.

- Жерлес жауынгерлеріміз туралы кітап құрастыру ойға келгеннен бастап өз қаражатыммен еліміздің бірнеше облыстарын аралап, атыраулық Ауған соғысының қатысушыларын іздедім. Іздеу барысында 400-ден аса жауынгермен кездестім. Олар сақтаған құпия, естеліктер келешек ұрпаққа жету керек деп ойлаймын. Осы мақсатта 3 жылдың ішінде барлық ардагерлер мен облыс әкімінің тікелей қолдауының арқасында кітап оқырмандарына жол тартты ,- дейді басылым авторы.

Шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл бастаған әр өңірдің қоғамдық ұйым мүшелері, облыстағы Аудан соғысы ардагерлері, студенттер мен қала тұрғындары қатысты.

null 

Шара соңында облыс ардагерлері облыс әкімінің, Ауған соғысының ардагерлері ұйымдарының "Қазақстан ардагерлері" қауымдастығы атынан алғыс xаттармен, Бауыржан Момышұлы атындағы "Батыр шапағаты" және Хиуаз Доспанова атындағы медальдарымен марапатталды.

null null null 

Соңғы жаңалықтар