Атырауда аудан әкімі орынбасарының неге тұтқындалғаны белгілі болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы Мақат ауданы әкімінің орынбасарының және әкімдіктің құрылыс бөлімі жетекшісінің тұтқындалуына қатысты істің мән-жайы айқындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік қызметшілер Мақат ауданы әкімінің орынбасары Жақсылық Мүсепов пен аудандық құрылыс бөлімінің жетекшісі Құралбек Адамбаевқа ҚР ҚК-нің 266 бабы, 3 тармағы, 1 тармақшасы бойынша, «Алдын ала сыбайласқан топтың пара алуы» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олар мердігер ұйым өкілдеріне құрылыс нысандарын ешқандай кедергілерсіз қабылдап, жалпы жұмыс барысында «қамқорлық» танытуға уәде берген,-деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 30 қаңтарда Мақат ауданының соты Ж.Мүсеповты 2 ай мерзімге тұтындауға санкция берді. Қ.Адамбаев тергеу аяқталғанша, ешқайда шықпайтын болады.

Соңғы жаңалықтар