Атырауда алаяқ инспектор ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау мемлекеттік кірістер департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері өзін салық органының қызметкері деп таныстырып, алаяқтық әрекеттерге барған ер адамды құрықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күдікті жедел-іздестіру операциясы барысында атыраулық кәсіпкерлерден бірнеше мәрте ақша бопсалау фактілері бойынша ұсталды. Күдікті бұрын сотталған Атырау облысының тумасы. Ол кәсіпкерлердің сеніміне кіріп алып, «қызмет көрсеткені» үшін ақша алып келген», - деді Атырау облыстық МКД баспасөз қызметі.

Аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар