Атырауда 39 жастағы әйел із-түзсіз жоғалып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда із-түзсіз кеткен 39 жастағы әйелді іздеу жұмыстары бесінші күнге созылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«39 жастағы Людмила Чернышева түнде үйінен шығып кетіп, содан оралмаған. Содан бері оның қайда екенін ешкім білмейді. Людмиланың жұмысқа шықпағандығын естіп, туыстары полицияға хабар берген», - делінген ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетер жайт, жоғалған әйелдің сөмкесі Орал өзенінің жағасынан табылған. Іздеу жұмыстарына ТЖД қызметкерлері жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар