Атырауда 30-дан астам үйді тонаған қылмыстық топ сотталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта ірі көлемде ұрлық жасады деген айып тағылған төрт жігіт пен бір жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Сот процесі барысында анықталғандай, айыпталушылар 2015 жылдың наурызы мен  2016 жылдың сәуірі аралығында үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, Атырау қаласындағы 33 үйден ақша, алтын бұйымдар мен өзге де  бағалы заттарды ұрлаған. Жәбірленушілерге жалпы сомасы 10 млн. теңгеге материалдық шығын келтірілді», - делінген облыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сот үкімімен кәмелетке толмаған айыпталушы М.Е.-ге 1 жылға пробациялық бақылау түріндегі жаза тағайындалды. Қылмыстық істің өзге фигуранттары 3-тен 8-жылға дейін жалпы режімдегі түзету колониясына тоғытылды. Сондай-ақ, сот шешімімен олардан келтірілген материалдық шығын өндіріліп алынатын болады. 

Соңғы жаңалықтар