Атырауда 3 жасар бала түтінге уланып көз жұмды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда түтінге уланған 3 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Жер үйдегі өрт кезінде 3 жастағы ұл бала түтінге уланып,облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Ыс тию салдарынан жағдайы күрт төмендеген баланың өмірін дәрігерлер сақтап қала алмады», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Себептері әлі анықталмаған өрт сәуірдің 16 күні болған.

Соңғы жаңалықтар