Атырауда 220 шақырым жол жөнделеді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат -  Биыл қалалық әкімдік жүргізілген инфрақұрылым аясында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық желісі бойынша 311 көшені, құрылыс бөлімі арқылы 139 көшені асфальттауды жоспарлады, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің ресми сайты .

2017 жылы облыста 296,6 км жол салынды, оның 236,6 шақырымы Атырау қаласында. Облыс орталығында асфальттанған жолдың негізгі көлемі қала маңындағы селолық округтерге тиесілі.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қала маңы аумағындағы жол құрылысын тексерді. Атырау қаласының әкімі Серік Шапкеновтың айтуынша, жоспарланған жол көлемі  қараша айының алғашқы жартысында бітеді.

Сонымен қатар, 2017 жылы жалпы ауданы 21 800 шаршы метр автокөлік жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ұзындығы 220 км болатын 207 көшенің жол-құрылыс жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттама жасау үшін жергілікті бюджеттен 450 млн теңге бөлінген. Бұл жұмыстар 2018 жылы басталады.

-Көшелерді асфальттау жұмыстары елді мекеннің даму жоспарына сәйкес жүйелі түрде жүруі керек, - деді құрылыс қарқынымен танысқан аймақ басшысы. - Біздің міндетіміз халықты сапалы да жақсы жолмен қамтамасыз ету.

Нұрлан Ноғаев тексеру қорытындысымен жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар