Атырауда 2018 жылы қала жағалауы абаттандырылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 2018 жылы қала жағалауы абаттандырылады. Бұл туралы бүгін халыққа есеп беру жиынында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтемемен «ҚазАқпарат» ХАА.

Аймақ басшысының айтуынша, жағалауды абаттандыру Бейбарыс көпірінен Атырау мемлекеттік университеті маңындағы «банан жағасына» дейін жүргізіледі. Жағалау қала тұрғындарының серуендеп, демалатын орнына айналады.

Жағалау үш кезеңде салынады. Қүрылыс-монтаждау жұмыстары жүретін аумақ 1861 метрді құрайды. Жағалаудың жаңа учаскесінде балалар және спорт алаңдары, орындықтар мен күркелер орналасады, пирс пен жағажай аумағы абаттандырылады. Құрылысшылар LED жарықтандыруды да қарастырған. Жұмыс жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік аударымдары есебінен жүргізіледі. Құрылыс 2018 жылға жоспарланды.
null 

«Біз тұрғындардан Жайық өзенінің жағалауының жағдайына байланысты көптеген шағымдар алдық, адамдар соның ішінде оны абаттандырып, жақсартуды сұраған болатын, - деді Нұрлан Ноғаев. - Бұл тілекті қабыл алдық. Жаңа жағалау қаланың символы болады. Жұмыс мұнымен тоқтамайды - Атырау қаласындағы Жайық өзенінің барлық жағалауларын қайта жаңартатын түрлі нұсқаларды зерттейтін боламыз».
null 

null 

Соңғы жаңалықтар