Атырауда 2 қыркүйектен із-түзсіз кеткен жасөспірім іздестірілуде

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында 2 қыркүйекте аудан орталығы Құлсарыдан 80 шақырым жердегі Биікжал қыстағынан шығып кетіп, содан бері хабар-ошарсыз кеткен 15 жастағы Аслбек Хамроевті іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетерлігі 15 жастағы жасөспірім баланың анасы Өзбекстан азаматы, полицияға өтінішті ұлы із-түзсіз кеткеннен кейін 10 күннен кейін ғана түсірген. Ол  Аслбекті Құлсары қаласына жетті деп ойлаған.

Өтініш түскеннен кейін бірден іздеу жұмыстары басталды. Өкінішке орай, әзірге нәтижесіз.

«Сондықтан да біз іздеу шекараларын кеңейтіп жатырмыз. Орал, Чапаев қалаларының полиция бөлімдеріне, сондай-ақ жасөспірімнің анасы бұрын жұмыс істеген Атырау облысының аудандарына хабар жіберілді. Кейбір мәлімет көздеріне қарағанда, бала Өзбекстанға да кетіп қалуы мүмкін екендігі болжануда», - дейді ІІД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар