Атырауда 100 мың гектардан астам игерілмеген жер анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат -  Атырау облысында 100,5 мың гектар игерілмеген ауыл шаруашылығының алқаптары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы жылдары түгендеу барысында облыста 100,5 мың гектар игерілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімі анықталды. Олардың ішінде 39,2 мың гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. 33,1 мың гектар жер телімі қазіргі уақытта мақсатына сай пайдаланыла бастады. Тағы  28,2 мың гектар жердің мәселесін жергілікті атқарушы органдар қарап жатыр»,  - деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарланғандай, өңірде арнайы топтар құрылған. Олар аэрофото түсірілім деректерін пайдалана отырып, түрлі мақсаттағы жерлерді аралайды, жер телімін пайдалану саласын тәртіпке келтіреді. 

Автор - А. Соколов

Соңғы жаңалықтар