Атырау тұрғыны әйелді қағып кетіп, оны қансыраған күйі тастап кеткен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау қалалық № 2-сотының тергеуші судьясы ағымдағы жылдың наурыз айында ғана түрмеден босап шыққан азамат С.-ға қатысты оны 2 ай мерзіміне қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Соттың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ол ағымдағы жылдың 25 қыркүйегі күні сағат 10.30-да Жұмыскер кентінде «ВАЗ 21074» көлігін басқарып келе жатып, 1962 жылы туған әйелді қағып кетті. Кейін жол-көлік оқиғасы орнынан ізін суытты. Әйел алған жарақаттарынан сол орында көз жұмды. Тергеу жалғасуда. 

Соңғы жаңалықтар