Атырау тұрғыны аммиактан уланып мерт болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда аммиактан уланған 28 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қайғылы оқиға супермаркеттер желісіне тиесілі ірі сауда компаниясы қоймаларының бірінде болған. Қоймадағы ер адам тоңазытқыш қондырғысының аммиак буынан уланып қалған. Ол жерде құбыр желісі жарылған», - деп мәлім етті Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта адам өлімі фактісі бойынша тергеу амалдары басталды, бірқатар сараптама тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар