Атырау перинатальдық орталығында жүкті әйел көз жұмды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау перинатальдық орталығында жүкті әйелдің көз жұму оқиғасы тексеріліп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Аталған оқиға тіркеліп, тексеріліп жатыр. Алайда, болған жайт туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы әзірге ешқандай толық ақпарат бере алмайды», - деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Аманжол Сағынғалиев.

Орталық дәрігерлері айтқан бейресми ақпараттарға сүйенсек, әйел төртінші баласына жүкті болған. Ол перинатальдық орталықтың жансақтау бөліміне дене қызуы жоғарлап түскен.

Оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар