Атырау облысының тұрақты қорына 1220 тонна көкөніс салынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының тұрақты қорына 2 мың 750 тонна көкөніс пен картоп салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көктемде облыстың тұрақты қорына арналған көкөністер мен картоп өсіру туралы 12 шаруа қожалығымен шарт жасалған еді. Шаруалар дән, тыңайтқыш, техника үшін бюджеттен 134 миллион теңге алды. Есесіне олар күзде түскен өнімнің бір бөлігін төмен бағамен беру міндетін мойындарына алды. Тұрақты қорға 1,5 тонна картоп, 620 тонна пияз, 300 тонна сәбіз, 250 тонна орамжапырақ және 50 тонна қызылша түсті. Өнім құны нарықтағы бағадан төмен болады. Қыста бағаның шарықтап кетпеуі үшін картоп пен көкністің бұл көлемі әбден жеткілікті», - деп хабарлады «Атырау» ӘКК баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар