Атырау облысының тағы бір ауданында пастереллезден қойлар қырылып жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының Қызылқоға ауданында ұсақ малдың арасында пастереллездің эпидемиясы жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Менің Жангелдин ауылындағы «Әділ» шаруа қожалығымда осы айдың басынан бері 51 қой өлді. Олардың басым бөлігі көктемде туған жас малдар. Шаруашылықты келіп тексерген ветеринар мамандар біздің қауіпімізді растады. Яғни малдар пастереллезден өлген»,-деді фермер Зейнолла Баймұратов.

Осыған дейін хабарланғанындай, эпидемия Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылынан басталды. Ол осы уақытта ауру тарап жатқан Жангелді ауылынан 12 километр жерде орналасқан.

«АтырауАгро Өнімдері» ЖШС жетекшілері мен жергілікті халықтың сөздерінше, 700-ге жуық мал қырылған Жасқайрат ауылында 1 айға тыйым ауылдық округ аумағынан мал шығаруға салынған. Ауылға санитарлық дәрігерлердің 5 бригадасы келді. Олар малдарға пастереллезге қарсы егу жұмыстарын жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар