Атырау облысының прокуроры шекарашыларға шабуыл жасау ісін өз бақылауына алды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының прокуроры Ернат Сабанқұлов шекарашыларға шабуыл жасау туралы істің тергеуін өз бақылауына алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Аталмыш факті бойынша Исатай аудандық полициясының бөлімшесі ҚР ҚК 293-бабы «бұзақылық жасау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу барысын прокурор өз бақылауына алды. Қазіргі таңда Исатай ауданы Жанбай ауылындағы жағдай бірқалыпты», - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Еске салайық, 18 қыркүйек күні сағат 18:30-да Жанбай ауылының тұрғындары мен №2016 әскери бөлімінің әскери қызметшілері арасында жанжал болады. Оқиға шекара заставасына жақын жерде жауынгерлік дайындық бойынша командирдің орынбасары бастаған әскери  жедел қызмет тобы спорттық жүгіруден қайтып келе жатқанда болған. Оларды екі жеңіл көлік қуып жетіп, жанжал бастаған. Сарбаз машинадан қашып үлгерген, алайда екеуі жеңіл дене жарақатын алған. Шабуыл жасаушылармен келіссөздерді офицер жүргізген. Офицер олардың назарын алаңдатып, сарбаздарды заставаға дейін жеткізген. Содан кейін бұзақылар оған тұра ұмтылып, оны ұрмақшы болған. Офицер ескерту мақсатында үш рет ауаға атқан, ешкім зардап шеккен жоқ. 

Соңғы жаңалықтар