Атырау облысының Әзербайжанмен тауар айналымы 9,4 млн долларды құрады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының Әзербайжанмен тауар айналымы 9,4 млн долларды құрады. Бұл туралы өңір әкімі Нұрлан Ноғаев Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Маммадовпен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«2016 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы Атырау облысының Әзербайжан Республикасымен ішкі сауда айналымы 9,4 миллион АҚШ долларын құрады. Атырау облысынан Әзербайжанға балық өнімдері, газойль, мазут, газ құбырлары және т.б. экспортталады. Бүгінде өңірде Әзербайжан капиталының үлестік қатысуы бар 42 кәсіпорын табысты жұмыс істеуде. Және біз ынтымақтастықтың ары қарай дами түсетініне сенімдіміз.  Өңіріміздегі құрамды инвестициялық тартымдылықтарының бірі жалпы көлемі 3,5 мың гектар болатын «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА құрылуы болды. Оның мақсаты инфрақұрылым нысандарын салу және пайдалануға беру, химия, мұнай-химия және онымен байланысты салаларды дамыту болып табылады. Қазіргі уақытта АЭА аумағында 14 қатысушы тіркелген және Қазақстанның мұнай-химиялық саласының дамуына қозғау салатын бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асуда», - деп хабарлады Ноғаев. 

«Менің де сапарымның мақсаты осы - Қазақстан өңірі мен Әзербайжан арасындағы екіжақты сауда қатынастарын дамыту. Бұл қарым-қатынас екі елге де орасан зор пайда келтіреді. Сол мақсатта мен сіздердің кәсіпорындарыңызда болып, кәсіпкерлермен кездескім келеді», - деді Маммадов.

Соңғы жаңалықтар