Атырау облысының әкімдігі Telegram арқылы ұсыныстарды қабылдайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Telegram қосымшасында «Атырау облысы әкімдігі» чат-арнасы ашылды. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, чат-арна   биылғы 7 қыркүйекте ашылды. Осы арқылы тұрғындардың мемлекеттік органдарға жолдаған ұсыныстары мен көтерген мәселелеріне жедел жауап қайтаруға мүмкіндік берілді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, чат-арна жұмысын бастағалы 1 000-ға жуық сауал келіп түсті. Қазір топта 900 адам бар. Бір сауалды өңдеу мен тиісті шешім жасауға 1-2 жұмыс күні кетеді.

Соңғы жаңалықтар