Атырау облысындағы өрт: Тағы бір адам көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысында кеше болған өрт апатынан зардап шеккендердің бірі қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ауруханаға сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, кеше Атырау облысында Қарабатан «Газтурбиналық электр стансысының» құрылыс аумағында контейнер типтес жатақхана өртенгені туралы хабарланған болатын. Алдымен төрт адамның, кейін тағы екі адамның мәйіті табылып, бұдан бөлек төрт адам ауруханаға жеткізілген.

Өрттің шығуына алдын ала болжам бойынша -  электр сымдар жүйесінің қысқа тұйықталуы себеп болғаны айтылды.

Оқиға бойынша жергілікті атқарушы органдар Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Сағындық Лұқпанов басшылығында жедел штаб құрды.

Қайтыс болғандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетілмек. Бұл жайлы кеше Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «PSI Stroy industriya»  АФ ЖШС мердігерлік ұйымының жобалық менеджері Ержан Садырбалин мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар