Атырау облысындағы Ганюшкин кенті Құрманғазы болып өзгерді

None
None
АТЫРАУ. Қазақпарат -  Атырау облысында екі ауыл мен бір ауылдық округ өз атауларын өзгертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ганюшкин кенті Құрманғазы ауылы болып өзгертілді, Дәшін ауылы - Хиуаз ауылы, Кировауылдық округі - Жаңаталап ауылдық округі болып аталады», - деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаева.

Ә.Қыстаубаеваның айтуынша, облысымыздың 3 білім беру мекемесіне ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша жаңа атау берілді.

Атап айтсақ, Атырау қаласындағы №18 Н.Крупская атындағы орта мектепке  Хиуаз Доспанова есімі берілсе, сонымен қатар, Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжіне Сафи Өтебаев есімі және Мақат ауданындағы Доссор балалар өнер мектебіне Рыспай Ғабдиев есімі берілді.
null

Соңғы жаңалықтар