Атырау облысындағы ауылда дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында Көктоғай ауылының тұрғындарына дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Амбулаторияда қажетті медициналық қызметтер топтамасы көрсетіледі. Дәрігерлік қабылдау бөлмесі, физиотерапиялық емдеу кабинеті, стерилизациялау кабинеті, туберкулезға қарсы дәрілерді қабылдау бөлмесі, күндізгі стационар, медициналық архив, оқшаулағыш, екпе егу кабинеті және тағы басқа да бөлмелер бар», деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бұл нысанның ашылуы ауыл тұрғындарына аудан орталығы - Индерборға барып әуре болмауға мүмкіндік береді. 



Соңғы жаңалықтар