Атырау облысында жергілікті полиция басшысының орынбасары тұтқындалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы Жылыой ауданының жергілікті полиция басшысының орынбасары қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аудандық жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Рүстем Ислямов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен ұсталды. Қазіргі уақытта соттың берген санкциясымен ол қамауға алынды. Оған  ҚР ҚК-нің «Пара алу» және «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» баптары бойынша қылмыстарды жасады деген күдік келтірілуде», - деп мәлім етті облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Ұсталған полицей қажетті рұқсаттарды алмастан, шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны рәсімдемей, Қазақстанда заңсыз жұмыс істеуге рұқсатты беру үшін Қытай азаматтарынан пара алды деп айыпталуда.

 

Соңғы жаңалықтар