Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 332.68
EUR 389.40
RUB 5.60
CNY 49.85

Атырау облысында жаз басталғалы бері 13 адам суға кетті

Атырау облысында жаз басталғалы бері 13 адам суға кетті
2017 жылғы 14 тамыз 08:11 430

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда жаз айларында 13 адам суға батып кетті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Батып кеткен 13 адамның алтауы бала. Олардың өліміне негізгі себеп - балалар үлкендердің қарауынсыз қалған, өз-өздеріне абай болмаған, шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен», - деді Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінде.

Суда болатын жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында облыстың ТЖД қызметкерлері, «Батыс өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» ММ құтқарушылары жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, Жайық өзенін торуылдайды, демалушылар арасында суда қауіпсіздікті сақтау бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізіп, жадынама, брошюралар таратады, рұқсат етілмеген жерде шомылып жатқандарды бақылау үшін рейд өткізеді.

 

 

Басты сөздер: Атырау облысы, Оқиға,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер