Атырау облысында жанармай құю стансасының маңында автобус жанып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында жанармай құю стансасының маңында автобус жанып кетті. Өртеніп жатқан автобустың видеосы Фейсбуктегі zello_atyrau парақшасында жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өңір ТЖД баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, оқыс оқиға бүгін таңертең Исатай ауданының Аққыстау ауылында болған. «ПАЗ» маркалы автобус түгі қалмай жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ, жүргізуші кабинадан шығып үлгерген. Өртті сөндіруге 8 адам және екі техника жұмылдырылды», - дейді облыстық ТЖД-дегілер. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, автобус жеке тұлғаға тиісті болған.

Соңғы жаңалықтар