Атырау облысында жаңа бес медицина мекемесі салынады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында жаңа бес медицина мекемесі салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда облыста фельдшерлік-амбулаторлық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялардың құрылысына кірістік. Жаңа медициналық мекемелер Исатай ауданы Нарын ауылында, Махамбет ауданы Жалғансай ауылында, Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында және қала сыртындағы Тасқала кентінде бой көтереді. Сондай-ақ, Құрманғазы ауданында 75 орындық жаңа клиниканың құрылысы жүріп жатыр», - деп хабарлады Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде.
null 

М.Аймұрзиеваның айтуынша, фельдшерлік-амбулаторлық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы инвесторлардық есебінен жүргізіледі. 

Соңғы жаңалықтар