Атырау облысында шекарашылармен жанжалдасушылардың бірі ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Исатай ауданының Жамбай ауылында шекарашылармен болған жанжалға қатысушылардың бірі ұсталды, деп хабарайды ҚазАқпарат.

«Сот өкілдерінің тексеру жұмыстары барысында Исатай ауданының Жанбай ауылында «Тойота Лэнд Крузер» көлігінің жүргізушісі әскери адамдардың тобы кезекті спорттық жаттығулардан кейін сап түзеп келе жатқанда солдаттардың бірін қағып кетпек болған. Шекарашылар жол шетімен кетіп келе жатқан. Әскери қызметкерлер әскери бөлімнің аумағына кіргенде бірнеше көлікпен келіп жеткен жергілікті тұрғындар застава аумағына кірмек болған. Осы кезде аспанға автоматтан оқ атылған. Әскери бөлімнің қақпасының алдына адамдар тобы жиналып қалған. Осы кезде ауыл тұрғыны С.А. қоғамдық орында құқық қорғау органы қызметкерлерінің атына бейәдеп сөздер айтқан. Сотта ол өзінің істегенін мойындады»,-деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Атырау облысы Исатай аудандық сотының қаулысымен С.А. ҚР ҚК-нің 434 бабы, 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және 5 тәулікке қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар