Атырау облысында сексеуіл құм көшкініне тосқауыл болады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының екі ауданындағы ауылдарды құм көшкінінен қорғау үшін сексеуілдер отырғызылып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Құм басып қалуының алдын алу жұмыстары Исатай ауданының Исатай ауылында және Қызылқоға ауданының Жасқайрат, Миялы ауылдарында жүргізіледі. Сексеуіл отырғызуға шамамен 40 млн теңге бөлінді. Бағдарлама мемлекеттік сараптаманың оң нәтижесіне ие болды», - деді облыстық табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының табиғатты қорғау бағдарламалары бөлімінің басшысы Гүлайым Телеубаева. 

Соңғы жаңалықтар