Атырау облысында «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Индер ауданы Бөдене ауылдық округінде «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға аудан әкімі Серік Арыстан және жергілікті билік өкілдері мен жастар қатысты.

Алдымен аудан әкімі С.Арыстан ауыл тұрғындарын рухани қазына болар орталықтың ашылуымен құттықтады.

Сондай-ақ, шара аясында дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген «Book-dating» жобасы аясында кітап оқушылардың жиыны өткізілді. Бұл жобаны аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастырды.

Абай Абылайұлы 

Соңғы жаңалықтар