Атырау облысында полиция қызметкері екі адамды қағып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында полиция қызметкері екі адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол-көлік оқиғасы Мақат ауданы Мақат ауылында болды. Жаяу жүргіншілерді АІІБ қызметкері қызметтік көлігімен қағып кеткен. Жапа шеккен 1986 және 1987 жылғы ер адамдар медициалық көмек көрсету үшін аудандық ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Мәлімет бойынша, осы оқиғаға қатысты ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Одан бөлек қызметтік тексеріс те басталып кетті. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар