Атырау облысында өткен жылы 42,3 млн тонна мұнай өндірілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат -Атырау облысында 2017 жылы өнеркәсіптік өнім көлемі 5,6 трлн теңгені құрады. Бір жыл ішінде өңірде 42,3 млн тонна мұнай өндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2017 жылы өнеркәсіптік өнім көлемі - 5676,1 трлн теңгені, физикалық көлем индексі 120,8 пайызды құрады.  Өңірдің жалпы республикадағы үлесі 25,1 пайыз болды. Тау-кен өнеркәсібінде 5 121,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Бір жыл ішінде аймақта 42,3 млн тонна мұнай және 20,9 млрд текше метр ілеспе мұнай газы өндірілді. Бұл 2016 жылғы деңгеймен салыстырғанда 125,6% және 131,3% құрайды», - деп мәлім етті облыс әкімдігінен.

Хабарланғандай, «Теңізшевройл» ЖШС бір жылда 28,7 млн тонна мұнай өндірді, бұл 2016 жылғы деңгеймен салыстырғанда 104,1 пайызды құрайды. Ілеспе мұнай газы 15,7 млрд текше метр өндірілді (104,4 пайыз).

«Ембімұнайгаз» АҚ-да мұнай өндірісі - 2,8 млн тоннаны (100,3 пайыз), газ 199,7 млн текше метрді (104,5 пайыз) құрады.

«Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясы 8,3 млн тонна мұнай және 4,9 млрд текше метр газ өндірді. 

Соңғы жаңалықтар