Атырау облысында нөсер жаңбыр салдарынан өзен тасуы мүмкін

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында нөсер жаңбыр мен су тасқыны қаупіне байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазгидромет» дерегі бойынша, Атырау облысында үш күн бойы жаңбыр жаууы ықтимал. Ауа температурасы нөлден жоғары болады. Осыған байланысты еріген қар суы жиналып, өзендердегі су деңгейі көтеріледі және жайылма жерлерге таралуы мүмкін», - деп хабарлады ТЖД.

Ведомствоның ақпараты бойынша, Жайық, Сағыз, Ойыл, Қиғаш өзендерінің арнасынан асуы туралы Атырау қаласының және аудандарының әкімдеріне, сондай-ақ техникасы бар ірі кәсіпорындардың басшыларына ескертілген. 

Фото: aganim.ru

Соңғы жаңалықтар