Атырау облысында мың гектар жайылымдық отқа оранды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында мың гектар жайылымдық жер өртеніп кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Жазықтағы жайылымдық жерлер Қызылқоға ауданының Көздіқара ауылдық округінің аумағында болды. Тілсіз жауды ауыздықтауға 15 техника және ТЖ департаментінің 53 маманы мен ерікті өрт сөндіру жасақтары жұмылдырылды. Сөндіруге тоғыз сағаттан астам уақыт жұмсалған өрт толықтай ауыздықталды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, биылғы жаз маусымында Атырау облысында өрт салдарынан 60 мың гектардан астам жайылымдық жер мен пішен отқа оранды. 

Соңғы жаңалықтар