Атырау облысында мемлекеттік қызмет департаментіне жаңа басшы тағайындалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы- әдеп жөніндегі кеңес төрағасы ауысты. Бұл қызметке Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осыған дейін ҚР  мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы - әдеп жөніндегі кеңес төрағасы қызметін атқарған.  1965 жылы дүниеге келген, Шығыс Қазақстан облысының Катон-Қарағай ауданының тумасы.

3 жоғары білімі бар: 1990 жылы Өскемен педагогикалық институтын тарих, қоғамтану және кеңестік құқық пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған, 1996 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша және 2010 жылы Көкшетау экономика және менеджмент институтын экономика бакалавры мамандығы бойынша тәмамдаған. 

1990 жылдан 2000 жылғы дейін Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде мұғалім, доцент және кафедра меңгерушісі болып еңбек еткен. 2000 жылдан 2007 жылға дейін ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша Басқармасының басшысы, басшының орынбасары, басқарма басшысы - Агенттіктің тәртіптік кеңесінің төрағасы болып қызмет еткен. 2007 жылдан 2011 жылға дейін ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Басқармасының басшысы -  Агенттіктің тәртіптік кеңесінің төрағасы.  2011 жылдан 2013 жылға дейін ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша Басқармасының басшысы - Агенттіктің тәртіптік кеңесінің төрағасы. 2013 жылдың наурызынан шілдесіне дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің меңгерушісі.

2013 жылдан 2014 жылға дейін ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің басшысы - ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шығыс Қазақстан облыстық тәртіптік кеңесінің төрағасы.

2014 жылдың қарашасынан 2016 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары - тәртіптік кеңес төрағасы.

2016 жылдың 14 қаңтарынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы  - әдеп жөніндегі кеңес төрағасы.

Мәскеу (Ресей), Будапешт (Венгрия), Лондон (Англия) қалаларында біліктілігін арттыру курстарын өткен.  

Заң ғылымдарының кандидаты. «Құрмет» орденінің иегері.

 

Соңғы жаңалықтар