Атырау облысында мемқызметшілердің әдептілік деңгейі бағаланды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат -Атырау облысында мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік деңгейі бағаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімдігінде Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мен уәкілдерінің және тәртіптік комиссия төрағаларының қатысуымен жиын  өтті. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің бастығы Равиль Төлебаев өңірдегі Әдеп жөніндегі уәкілдерінің  жұмысының деңгейі мен сапасына оң баға берді.

Сонымен қатар, жиында қаралған мәселеленің бірі - қоғамдық ұйымдардың өкілдерін тарту арқылы әдеп жөніндегі кеңес құрамын кеңейту қажеттігі айтылды.  Бұл өз кезегінде мемлекеттік орган басшыларының әдеп нормалары талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселесі қоғамға  ашық түрде жарияланатынын білдіреді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің этикасын жақсарту бойынша кешенді жоспарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ Әдеп кеңесінің мүшелерінің  қоғамдық қызметтері таныстырылды.

Жиыннан кейін Равиль Төлебаев мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді. Агенттіктің өкілі Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жүзеге асырылуы және мемлекеттік қызмет саласындағы жаңалықтар туралы айтты.  Қорытындысында, кездесу соңында барлық мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексінің шағын кітапшалары  табысталды.

 «Жұмыста күнделікті кездесетін жағдайлар мен әдептілік туралы «pocketbook» қалта кітапшасы жобасының көмегімен барлық мемлекеттік қызметшілерге өздерінің іс-әрекеттерін басшылыққа алуға кеңес береміз», - деді Р.Төлебаев.

Абай Абыайұлы

Соңғы жаңалықтар