Атырау облысында мемкірістер басқармасының басшысы туыстарының мүддесін қолдаған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында Жылыой аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы өз туыстарының бизнесіне қолдау көрсеткен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Жылыой аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бастығы Бағытқали Жарылғасовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталды. Оған лауазым өкілеттерінен артық пайдалану және заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу айыптары тағылған. Іс материалдары айыптау актісімен қабылданған процессуалдық шешімнің заңдылығын тексеру үшін Атырау облысты прокуратурасына жөнелтілді», - дейді облыс ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, мемлекеттік кірістер департаментінің ішкі қауіпсіздік қызметі маусым айында ведомствоның аудандық бөлімшесінің басшысы Бағытқали Жарылғасовтың қамауға алынғанын жариялаған болатын. О баста оған өз қызметін артық пайдаланды деп тағылған болатын, бірақ кейіннен іс Қылмыстық кодекстің басқа баптары бойынша жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар