Атырау облысында медициналық мекемелердің ортақ сайты ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы аймақтағы медициналық мекемелерде бәсекелестік орта қалыптастыру және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай сайт ашты, деп хабларайды ҚазАқпарат Хабар 24 телеарнасы сілтеме жасап.

Мұнда барлық ауруханалар мен емханалардың жұмысы, денсаулық сақтау саласындағы жаңалықтар, дәрігерлердің қабылдау уақыты дәлме-дәл көрсетілетін болады.

Сонымен қатар тұрғындар алдын ала тіркелу арқылы өзі қалаған дәрігерге электронды жүйе арқылы қабылдауға кезекке тұрады. Ал кері байланыс жүйесі арқылы науқастардың дәрігерге немесе медициналық мекемеге деген пікірі көрсетілген қызметке көңілі толған немесе толмағандығын жеткізуге мүмкіндік беріліп отыр.  

«Атырау облысындағы 36 медициналық мекеме бір-біріне бәсекелестік орта қалыптастырады және де рейтинг қалыптасады. Яғни осы 36 мекеме бір-бірімен жарысып, ашық ортаға жиналады. Қандай мекеме қанша ақша жойып жатыр, қандай деңгейде жұмыс жасап жатқанын халық біліп отырады», - дейді  облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі  Нұрлыбек Темірханов.

Соңғы жаңалықтар