Атырау облысында мас көлік жүргізушісі үй шарбағын қиратты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысы, Қызылқоға аудандық сотында жүк көлігінің мас жүргізушісіне қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Атырау облыстық сотының сайтына сілтеме жасап.

 Көлік құралын басқаруға тиісті категориясы жоқ құқықбұзушы А.М., 2017 жылдың тамызында Тасшағыл ауылында мас күйінде «КамАЗ» маркалы автомашинаны басқарған. Ауылдағы үйлердің бірінің ауласына кіріп кетіп, шарбағын қиратқан.

Сотта құқықбұзушы өз айыбын мойындады. Соттың қаулысымен ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 608-бабы, 6-бөлігі бойынша айыпты деп табылып, оған 20 тәулікке қамау түрінде жаза белгіленді.

Соңғы жаңалықтар