Атырау облысында Махамбетке ескерткіш қойылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысындағы аудан орталығында қазақтың өр рухты ақыны, халық батыры Махамбет Өтемісұлына ескерткіш қойылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Ескерткіш батыр есімі берілген Махамбет ауылының орталық алаңында бой көтерді. Монументтің жалпы биіктігі 10 метр 80 сантиметр. Ақынның мүсіні қоладан жасалды, салмағы 5 тонна келеді. Тұғыры темірбетоннан құйылып, гранитпен қапталды», - дейді Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тінәлиев.

Ескерткіштің авторы - Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Серік Мәтениязов.

Соңғы жаңалықтар