Атырау облысында қуаттылығы 1100 тонна жылыжай салынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында қуаттылығы 1100 тонна болатын көкөніс жылыжайы салынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Нысанның ашылуына байланысты Құлсары қаласының тұрғындары үшін 30 жұмыс орны пайда болды.

«Жылыжайдың аумағы 2 гектарды құрайды. Мамандарды оқытумен тәжірибелі агрономдар және Голландиядан келген мамандар айналысты. Заманауи құрылғылармен жабдықталған жылыжайда тамшылап суару әдісі қолданылуда. Жылыжайға арналған құралдар мұнай компаниялардың бірінің қолдауымен сатып алынып, 2 млн еуро жұмсалды. Ал құрылысты кәсіпкердің өзі жеке қаражаты есебінен қаржыландырды. Нысанның ашылуына байланысты Құлсары қаласының тұрғындары үшін 30 жұмыс орны пайда болды», - деді бастамашы, «Атырау-Сауда» ЖШС директорының Әлімжан Байжігітов.

Алғашқы өнім бірнеше айдан кейін алынбақ. Көкөністердің бағасы жергілікті тұрғындар үшін қолжетімді болады.



Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Жылыой ауданына жасаған сапары кезінде Жылыжайға барған болатын. Облыс әкімі жауапты тұлғаларға өңірдің  ауыл шаруашылығы саласын дамытуға байланысты бірқатар тапсырмалар берді.



Айта кетейік, Атырау облысында жылыжай ашуға ниетті кәсіпкерлер саны жыл санап артып келеді.  

Соңғы жаңалықтар