Атырау облысында қозылар жаппай қырылуда

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде қойлар жаппай қырылуда.

Алдын ала диагноз бойынша, мал өліміне пастереллез себеп.

«Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылдық округіндегі ұсақ малдың кеселі туралы алғашқы факті Атырау облысының ветеринария басқармасына 13 қыркүйек күні келіп түсті. Қырылған малдан биологиялық үлгілер алынып, зертханаға жөнелтілді. Алдын ала қойылып отырған диагноз - пастереллез. Алынған мәліметтерді анықтау үшін зертханалық тексерулер қайта жасалынуда. Айта кету керек, кеселге тек көктемде туған жас мал шалдыққан. Олардың ауыру себебі көктемгі жауын-шашын мен ылғал болуы мүмкін. Өйткені, қырылған қозылар көктемде суық жер үстінде жиі түнегені анықталды. Бүгінгі күні 185 бас мал өлді. Ветеринарлар сырқаттанған қозыларға егу жұмыстарын жүргізуде. Оқиға бір ғана шаруа қожалығында тіркелді», - деп мәлімдеді Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. 

Соңғы жаңалықтар