Атырау облысында кітапханалық ресурстарды сандық форматқа көшіру мәселесі талқылануда

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру шеңберінде «Кітапханадан ағарту орталықтарына: жаңғырудың жаңа мүмкіндіктері» атты республикалық форум басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кітапхана басшысы Сара Ізмұхамбетованың айтуынша, бүгінгі форумның мақсаты - кітапханаларды дамытудың жаңашыл жолдарын қарастыру, қиындықтарды шешудің жаңа мүмкіндіктерін зерделеу. Форумда кітапханалар жұмысын жаңғыртудың өзекті мәселелері, кітапхана мамандарының кәсіби деңгейі мен заманауи келбеті, кітапханалық ресурстарды сандық форматқа көшіру, ауыл кітапханаларын жаңғырту мақсатында жасалуы тиіс жұмыстар туралы ойлар қозғалып, пікірлер айтылды.

Форум жұмысына ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының міндетін атқарушы Н.Жолдыбалинов, сонымен қатар Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Атырау қаласы және аудандарының көпшілік кітапхана қызметкерлері және колледж, лицей кітапханашылары, зиялы қауым өкілдері қатысуда.

null 

Шара аясында кітапханаларды жаңғыртудың үздік тәжірибелері мен оларды ағарту орталықтарына айналдырудың жолдары туралы пікірлер талқыланып, шеберлік сыныптары, тренингтер мен кездесулер арқылы жаңа білім алудың мүмкіндіктері қарастырылды.

null 

Сондай-ақ, іс-шара аясында секциялық мәжілістерінде Назарбаев зияткерлік мектебі мен «Білім-Инновация» облыстық лицейінің ғимаратында тренингтер мен дебаттар ұйымдастырылды. Екі күнге созылған форум аясында қатысушылар киелі Сарайшық елді мекені мен облыстық музейлерге саяхат жасайды.

Абай Ақмұрзиев

Соңғы жаңалықтар