Атырау облысында газ құбырларын кеңейтуге 2,5 млрд. теңге бөлінеді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында «ҚазТрансГазАймақ» АҚ газбен қамтамасыз ету кәсіпорнының қызметін 110 мың физикалық және 3900 заңды тұлғалар пайдалануда.

Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте атыраулық филиалдың директоры Максот Әбуов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Табиғи газды пайдаланушылар саны ұдайы артып отырады. Бұл жаңа кәсіпорындар мен қалада және қала маңындағы кенттерде жекеменшік үйлердің салынуы есебінен болуда. Оларды желілерге қосуда түйіткілдер болмас үшін  облыстық әкімшілік 2017-2019 жылдар аралығында 2 млрд. 589 млн. теңге сомасына жаңа газ құбырларының құрылысын қаржыландыру шешімін қабылдады», - деді М.Әбуов.

Брифинг барысында М.Әбуов газбен қамту кәсіпорнының нысандары мен құрылғыларының қысқы жағдайда жұмыс істеуге әзірлігі жайында айтып берді.

«Нысандарды жылыту маусымына уақытылы дайындау үшін аудандар мен қаладағы барлық газ шаруашылықтарында жұмыстар жүргізілді. Дайындық кезеңінде газды үлестіру бекеттерінің  30 пайыздан астамы ағымдағы жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Кварталішілік және көшедегі жерүсті газ құбырларының 28 шақырымнан астамына күрделі жөндеу жүргізілді. Кәсіпорынның ведомстволық зертханасы 15 жылдан артық қолданыста болған аудандар мен кенттер арасындағы жоғары және орташа қысымды жерасты болат газ құбырларының 204 шақырымының техникалық жағдайына тексерістер жүргізді», - деп мәлім етті ол. 

Соңғы жаңалықтар