Атырау облысында бір тәулікте 5 гектар жайылым жанып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында тәулік ішінде 5 гектар жайылым өртеніп кетті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Индер ауданында дала өрті 21 шілдеде күндіз аудан орталығынан 10 шақырым жерде басталды. 19.34-те ауыздықталды. Осы уақыт ішінде 5 гектар жарамды жер жанып кетті», - деп хабарлады ТЖД.

Еске салсақ, кей жерлерде 40 градусты көрсетіп тұрған Атырау облысында  дала өрттері маусым айында басталған. Индер және  Қызылқоға аудандарында  60 гектардан астам жайылым, пішен өртеніп кетті.

Соңғы жаңалықтар