Атырау облысында бекіре тұқымдас балық аулаған браконьерлер ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шекарашылар ірі көлемдегі бекіре және частик тұқымдас балықтарды тәркіледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ҰҚК-інің шекара қызметіне сілтеме жасап.

Браконьерлік қызметі үшін 55 жастағы қазақстандық ұсталды. Қасына белгісіз екі адам ерткен азамат шекара қызметкерлерін көріп, аулаған балықтарын жағаға тастай сала, қамыс арасына жасырынған. Оқиға орнынан «Нива» көлігі мен 100 килограммға жуық бекіре тұқымдас балық пен осынша салмақтағы частик балықтары табылды. Заң бұзушылық өзара әрекет етуші органдар мен Исатай аудандық ІІБ-і өкілдеріне хабарланды. 

Соңғы жаңалықтар