Атырау облысында астық артылған вагондар рельстен шығып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында астық артылған вагондар рельстен шығып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«ТЖ 23 қаңтарда таңертең Атырау облысындағы Мақат-Құлсары теміржол учаскесінде болған. Қостанай облысынан Ақтау теңіз портына бет алған астық артылған төрт вагон рельстен шығып кеткен», - деп хабарлады Атырау облыстық көлікті бақылау инспекциясында.

Қазіргі таңда теміржол апатының мән-жайы анықталып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар