Атырау облысында асфальт-бетон зауыты салынады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы Жылыой ауданында жеңілдікті несиеге жаңа асфальт-бетон зауыты салынады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Жобаны «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Өмірзақ сервис» жергілікті кәсіпорны жүзеге асырады. Зауытты салу үшін кәсіпорын екінші деңгейлі банктердің бірінен 465 млн теңге несие алған, оның процентік мөлшерлемесін мемлекет субсидиялайды», - деп хабарлады Жылыой аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Қанат Мыңбаев.

Қазіргі таңда асфальт өндірісі үшін жабдықтарды монтаждау жұмыстары аяқталып, бетон өндірісі үшін жабдықтарды орнату жұмыстары жалғасуда. Болашақ зауыттың қуаттылығы сағатына - 100 тонна асфальт және 50 тонна бетон. 50 адам жұмыспен қамтылады. 

Соңғы жаңалықтар